Аралас жекпе-жектен спорт шебері Шавкат Рахмонов өзінің Instagram парақшасында отандастарына мәлімдеме жасады.
Рахменов өз парақшасында:
"Бәріңізге ассаламалейкум! Қиындық ескертусіз келеді. Көптеген ауылдар су астында қалды. Мемлекет қазіргі уақытта қолдан келгеннің бәрін жасауда. Әскери азаматтар мен құтқарушылар су тасқынымен күресуге жіберілді, олар күндіз-түні жұмыс істейді. Осындай сәттерде бірге болайық және барлық қажетті көмекті көрсетейік!", - деді спортшы.