Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құсу, құлау, бас ауыру: Жер сілкінген кезде адамдар аман қалу үшін шұғыл түрде не істеуі керек?

12:03, 05 қараша 2024 426

Алматыда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі адам ағзасына қалай әсер беруі мүмкін? Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл сұрақтарға қазақстандық терапевт Маржан Әбдіғалиева жауап берді. 

Бұл құбылысқа гипертониямен (жоғары қан қысымы) қиналатын адамдар сезімтал келеді, алайда сау адамдардың өзі әлсіздік сезініп, басы ауруы немесе айналуы мүмкін.

"Жалпы жер сілкінісі десе, бірден ойымызға үрей келіп түседі. Ең алдымен жер сілкінісі қандай аймақтарда болатынына тоқталып өтейін. Оның сейсмикалық активті аймақтарда, яғни осы Алматы облысы секілді елді мекендерде болу қаупі жоғары. Сондықтан мұндай аймақтарда өмір сүретін адамдар, соның ішінде артериялық қан қысымы, жүрек ауруы, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар жер сілкінісінің әсері жайлы білуі керек. Мұндай адамдар жер сілкінісі болмаған кезде де ауа райына тәуелді келеді. Мысалы, олар күн бұлтты, ауа райы құбылмалы болған кезде өздерін жайсыз сезінуі мүмкін: қан қысымы көтеріліп жатады. Ал енді жер сілкінісі кезінде оларда қандай өзгерістер болуы мүмкін? Ең алдымен үрей пайда болады, содан соң қан қысымы көтеріледі. Ал кей адамдарда бас ауруы, жүрек айну, құсу секілді қосымша жағымсыз белгілер пайда болуы мүмкін", - дейді терапевт Маржан Әбдіғалиева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар