Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құсу, іш кету, қызу көтерілу: Әлемдегі жаңа вирустан 77 адам қаза тапты

15:37, 18 маусым 2024 561

Жапонияда арты өлімге әкелуі мүмкін бактериялық инфекцияның рекордтық өсімі туралы айтылды. Сарапшылар әзірге нақты себебін анықтай алмай отыр. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы мәлімдейді. 

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі стрептоктық токсикалық шок синдромының 977 жағдайын тіркеді, оның өлім-жітімі 30%-ға жетеді. Соңғы мәліметтер бойынша, қаңтар мен наурыз айлары аралығында инфекциядан 77 адам қайтыс болған.

Бұл індет Жапонияда өткен жылғыға қарағанда жаңа рекорд орнатып отыр. Биыл 1999 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан статистика бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсетті. 

Жапонияның ұлттық инфекциялық аурулар институты өткен жылы осы синдромнан 97 өлім тіркелгені туралы хабарлаған ед. 

Стрептоктық токсикалық шок – бұл сирек кездесетін, бірақ ауыр бактериялық инфекция. Науқастар алдымен қызба, бұлшықет ауыруы және құсудан зардап шегеді. Бірақ симптомдар тез арада өмірге қауіп төндіретін жағдайға айналуы мүмкін: төмен қан қысымы, ісіну және ағза шок күйіне түседі.

“Тіпті емделген жағдайда да, ауру өлімге әкелуі мүмкін. Әр 10 адамның кем дегенде үшеуі инфекциядан қайтыс болады”, – деп хабарлады АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы.

 
 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар