Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Құрылтайдағы жаңалық“. Депутат сауалдарына берілген жауаптарды ЖИ тексереді

08:04, 03 қазан 2026

Қазақстан Құрылтайында депутаттық сауалдарға берілетін жауаптардың толықтығын тексеруге жасанды интеллект қолданылмақ. Бұл туралы Құрылтайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Alash.kz. 

Құрылтай бюросы депутаттық сауалдармен жұмыс істеу ережелерін бекітті. Құжат сауалды әзірлеуден бастап, оған жауап алуға дейінгі барлық кезеңге ортақ әрі ашық тәртіп енгізуді көздейді.

Жаңа ережеге сәйкес, құжаттарды дайындау және мемлекеттік органдардан келген жауаптардың толықтығын тексеру үдерісі цифрлық аналитикалық құралдар арқылы автоматтандырылады. Оның ішінде жасанды интеллект технологиялары да пайдаланылмақ.

Қолданыстағы Құрылтай регламентіне сәйкес, депутаттық сауал жолданған лауазымды тұлғалар оған бір айдан кешіктірмей жауап беруге міндетті.

Алдағы Құрылтай отырысында депутаттар мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістерді, сондай-ақ Ресейден мұнай және мұнай өнімдерін жеткізуге және Сербиямен әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысты құжаттарды ратификациялау мәселелерін қарастырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар