Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құран жаттап, намаз оқыдым: Луина еш жерде айтпаған шындығын айтты

10:28, 25 қараша 2024 209

Әнші Луина яғни Луиза Қарынбаева "Din Dina show"бағдарламасына берген сұхбатында еш жерде айтпаған шындығын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

"Мен ата-әжемнің қолында өстім, атам құрметті молда болды және бір кездері бізді медресеге құран оқуды үйренуге апарды. 11 жасымда атам "қазір жазғы демалыс, мектеп аяқталды, сендер мешітке барасыңдар, оқисыңдар" деді. Ағам екеуміз Ақтаудағы мешітке 3 ай бардық. Мен онда құран оқи алатын едім, намаз оқитынмын. Әрине, бүгінде оның бәрін ұмытып қалдым, бірақ арабша әліппе есімде қалды, оған қоса сүрелер есімде, мысалы Ықылас, Фатиха сүресін әрдайым бір жаққа ұшатын кезде, өмірімде маңызды бір дүние болатын кезде оқып жүремін. Бұл менің молда, имам болған атамның арқасында",  - деді Луина.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар