СҚО-дағы танымал спортшының отбасы құлдықта адам ұстады деген күдікке ілінді, деп жазады Alash.KZ.
"Істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу мұқият жүргізіліп жатыр. СҚО Полиция департаменті адамдарды қанаудың кез келген түріне және олардың құқығының бұзылуына жол бермейді. Барлық дәлелдермен пікірлер қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұқият тексеріледі. Сотқа дейінгі тергеуге қатысты өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 201-бабының тәртібі негізінде жарияланбайды", – деді Полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азат Құсайынов.