Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова баспаналы болды. Қуанышты жаңалықты белсенді Дінмұхамед Қаматай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
“Шерзаттың бауыры Перизаттың қайғылы жағдайдан кейін отбасы қиын кезеңді бастан өткерді. Қауіпсіздік мәселесі барлығымызды алаңдатты. Осыған байланысты біз оларға қолдау көрсету үшін жаңа үй сатып алдық. Бұл үй тек баспана ғана емес, ол – жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың батыр анасы Перизаттың қолдауы болған сіздер. Бұл қадам олар үшін жай ғана баспана емес, болашаққа деген сенім мен жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік береді. Қоғамдық бірліктің маңыздылығын көрсету үшін, осындай жағдайда қолдау көрсету әрқайсымыз үшін маңызды. Біз Перизаттың отбасына қиын сәтте көмек көрсетіп, оларды жалғыз қалдырмайтынымызды білдіргіміз келеді. Бұл бастаманы қолдаған барлық жанашырларға алғыс айтамыз!” – деп жазды Дінмұхамед Қаматай.