Қуандық Бишімбаев колонияға жеткізілді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Бұл жайлы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, бұрынғы министр қамауда отыратын мекеме сот үкіміне сәйкес белгіленген:
"Сотталушы сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88 - бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.