Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуан, қазақ елі! Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

17:30, 14 қыркүйек 2025 211

Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатының финалында шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Испания боксшысы Рафаэль Лосано Серраномен күш сынасты. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Махмұд Сабырхан бұған дейін 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

Бүгінгі күні тағы бес қазақстандық былғары қолғап шебері финалдық жекпе-жектерін өткізеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар