Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҚТЖ басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

04:04, 15 желтоқсан 2022 300
«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының Ақтөбедегі филиал басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады Azattyq Rýhy агенттігі.

Сондай-ақ тағы бірқатар бөлімше қызметкерлері де тергеліп жатыр. Барлығы бірнеше рет пара алу және беру бойынша күдікке іліккен. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент қызметкерлері хабарлады. Заңсыздық ұлттық оператордың қызметіне сыртқы талдау жүргізу барысында анықталған. Ал темір жол көлігі саласындағы компания өкілдеріне тергеу изоляторына экскурсия өткізілді.
«Ақтөбе өңірінде өткізіліп жатқан бұл бірінші шара емес. Бұның алдында өткізілген, яғни бюджет қызметкерлерін, мемлекеттік қызметшілерін, осы тергеу изоляторына апарып, көрсету мақсатында. Бұл көрсетуіміз біреуді қорқыту мақсатында емес, тек қана алдын алу мақсатында жүзеге асырылады, – деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма басшысының орынбасары Баянбек Шүйіншібаев.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар