Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҚР Қорғаныс министрлігі Украинаға әскери көмек туралы қауесетті жоққа шығарды

17:00, 08 наурыз 2024 382

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстан «Укрспецэкспорт» компаниясымен Украина қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қорғаныс министрлігі 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске салды.

 

«Мұндай қауесеттер Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен БАҚ өкілдерін таралып жатқан қауесеттерге емес, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз» делінген таратылған хабарламада.

 

Бұған дейін ресейлік БАҚ-та «Укрспецэкспорт» Украинаның қажеттіліктері үшін ресейлік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін сатып алу туралы Қазақстанмен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат пайда болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар