Қостанай облысында із-түссіз жоғалған 16 жастағы қыздың денесі табылды. Екі күн бойы жоғалған бойжеткен үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Бойжеткеннің дүниеден өтіп кеткені жайлы "Регион 10" еріктілер тобы хабарлады. Бойжеткен 26 маусым күні Әулиекөл ауылындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалған. Полицейлер мен еріктілер оны екі күн бойы іздеді. 28 маусымда жоғалған қыздың демі үзілген күйде табылғаны анықталды.
"Полиция Әулиекөл ауданында 16 жасар қыздың мәйітінінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген Қостанай облысының полиция департаментінің хабарламасында.