Жақында Қостанай облысының бас имамы сыра ішіп, көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалған еді. Осыдан кейін Бахытбек Тәжімбет орнын босатты. Бүгін ҚМДБ жаңа бас имамды тағайындады, деп хабарлайды Alash.KZ.
ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уәлиев тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған бас имамды өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.
Сондай-ақ Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан бас имамдарының қатысуымен өткен жиында облыстық дін істер басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы жаңадан тағайындалған бас имам Бектұрсын Торғайбайұлына ізгі тілегін білдіріп, жауапты қызметіне абырой тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін 23 шілде түнгі сағат 03:00-те Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінінің маңында масаң күйде көлік жүргізіп бара жатқанда ұсталған Бахытбек Тәжімбет 15 күнге қамалды.
Қостанай облысына бас имам тағайындалды
Қазақстанның үш аймағында әскери техника жүріп, әскер қозғалады деп хабарланды
17:39, 05 қыркүйек 2026
Ақордада ауыс-түйіс: Президент бірқатар шенеунікті жаңа қызметке тағайындады
15:14, 05 қыркүйек 2026
Сүйінші хабар: Қазақстан құрамасы 300 шақырым болатын аламанда жеңіске жетті
12:30, 05 қыркүйек 2026
"25 алтын, 13 күміс және 17 қола". Қазақ елі Көшпенділер ойындарында көш бастады
11:37, 05 қыркүйек 2026
Ұлтын сақтауға ұмтылған ұлы реформатор. Бүгін - Ұлт Ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
10:19, 05 қыркүйек 2026
Алматыдағы полицейлерге қылжақтап, жұмыс істеуіне кедергі болған блогер үш тәулікке қамалды
10:07, 05 қыркүйек 2026
Алапат апат: Су тасқыны "орып кеткен" елдегі қаза тапқандар саны 1 287-ге жетті
10:03, 05 қыркүйек 2026
«Балалар бақытты болсын! Осындай той бұйырсын!»: Тамара Асар қуанышты жаңалығын бөлісті
22:00, 04 қыркүйек 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: Президент Экология және табиғи ресурстар министріне қандай тапсырма жүктеді?
19:00, 04 қыркүйек 2026
«Алғашында білмеген»: Жақындары күйеуінің қолынан қаза тапқан Ақбаян өз балаларын таныды ма?
17:49, 04 қыркүйек 2026
Зейнетақы қорындағы миллиондарды кім басқарады? Тимур Сүлейменов маңызды шешімді жария етті
17:09, 04 қыркүйек 2026
«Экологияға әсері қандай?»: Атыраулық оқушылар еккен лотос гүлі көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
16:01, 04 қыркүйек 2026