Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанайда жастар өз мүмкіндігін дәлелдеп, «қыран» атағына ұмтылды

10:17, 30 қазан 2025 185

Қостанайда «Дала Қырандары» ұйымына үміткерлер дене даярлығы нормативтерін тапсырды, деп хабарлайды Alash.kz

Қостанай. Облыс орталығында «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігіне мүше болуға ниет білдірген азаматтар үшін ашық дене даярлығы нормативтерін қабылдау өтті. Сынақтар Қостанайдағы «Тобыл» орталық стадионында ұйымдастырылды. Іс-шараға белсенді қырандар, төрешілер алқасы және медицина қызметкерлері қатысты.

Сынақтар мен талаптар. Қатысушылар 3000 метрге жүгіру және Купер тесті бойынша өз күштері мен төзімділігін сынады. Сонымен қатар үш негізгі жаттығу — секіру, қолды бүгіп-жазу және іш бұлшықеттеріне арналған «кітапша» жаттығуы орындалды. Бағалау әр салмақ дәрежесіне жеке шкала бойынша жүргізілді, бұл үміткерлердің физикалық дайындығын әділ бағалауға мүмкіндік берді.

Ұйымдастыру тәртібі. Тіркеу алдын ала «Дала Қырандары» Қостанай өңірлік өкілдігі арқылы жүргізілді. Сынақ басталар алдында қатысушыларға қауіпсіздік ережелері мен жаттығуларды орындау тәсілдері түсіндірілді. Нәтижелер арнайы хаттамаларға тіркеліп, жалпы ведомостьке енгізілді.

Мақсаты. Нормативтерді қабылдау ұйымға мүшелікке өтудің маңызды кезеңі саналады. Бұл сынақ болашақ қырандардың төзімділігі мен тәртібін анықтап қана қоймай, жастарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруды көздейді.

Нормативтерді сәтті орындаған қатысушылар келесі кезеңге — ұйым жарғысы бойынша емтихан мен өңірлік үйлестірушілермен әңгімелесуге жолдама алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар