Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанай облысында ел естімеген шаруаны тындыруға жегілген жұмысшы қаза тапты

18:50, 15 ақпан 2025 1823

Қостанай облысындағы жаңа жылға арналған сырғанақты жинауға жұмсалған жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды   Alash.kz ұлттық порталы.

Жұмысшы Қостанай облысы, Қамысты ауданының орталығындағы сырғанақты жинау кезінде қаза тапты. Ол бес метрлік биіктен құлаған. Кеудесінде жаны бар кезде қауырт ауруханаға жеткізілген. Амал нешік,  кейін реанимацияда қайтыс болды.

Оқиға 13 ақпанда болған. Жергілікті баспасөздің мәліметіне сексек, жұмысшы бес метрлік биіктен кешкі сағат 17.00 шамасында құлаған, кейін саған 23.00 шамасында дәрігерлер марқұмның қаза тапқанын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар