Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қонаевта 9-сынып оқушылары өз сыныптастарын өлімші етіп сабап тастаған

10:01, 04 ақпан 2025 531

Алматы облысында 9-сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады.

Оқиға Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында болған.

- Қалаға кіре беріс алып көпірдің асты күші тасыған оқушыларға күшті мекен болды. Топтық төбелес, тығылып ішу, тарту бәрі осында өтеді. Кеше ғана 9 сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған, дейді журналист. 

Әбіқайдың сөзінше, бала жансақтау бөліміне түскен, қазір ауруханада.

- Ата-анасы өзімізді кінәлі қылуда деп жазыпты??? Ата-ананы тыңдамайтын, тәртіпке бағынбайтын, инспектордан ықпайтын баланың орны - колония! Ешкім баласын бақша, мектеп, әскерге мүгедек болсын деп жібермейді!!!, делінген журналистің жазбасында. 

Ұлысмедиа тілшісі бұл жағдайға қатысты Алматы облысының полиция департаментінен пікір білдіруін сұрады.

Полицияда өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар