Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қонаев күні аталып өтті

09:44, 23 тамыз 2022 224
Алматы рухани-мәдени астана. Шаһарда күн сайын әртүрлі мәдени шаралар өтіп тұрады. Мысалы, осы аптада Алатау бөктеріндегі таңғажайып қалада Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні аталып өтті.

Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алу ұрпақ үшін үлкен міндет, ұлы парыз екені рас. Сондықтан да еске алу күніне орай ең алдымен Кеңсай зиратына барып, марқұмға бағыштап құран оқылды. Содан кейін, қала орталығындағы қайраткердің бюстіне гүл шоқтары қойылды.

Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға марқұмның туыстары мен жақындары келді. Қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және бірқатар қоғам белсенділері мен шаһар тұрғындары қатысты. Ал Қонаев музейінде жаңарған және толықтырылған экспозиция бойынша арнайы дайындалған экскурсия болды. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110-жылдық мерейтойына байланысты биыл музейді қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары қолға алынып, біраз шаруа жасалған болатын.

Музейдің ашылу рәсімі биыл 19-сәуірде, яғни реставрациядан кейін жасалған болатын. Бұл шаруаға Қазақстандағы белгілі музей және архив саласының жетекші мамандары мен қызметкерлері тартылып, дизайнерлер мен мүсінші-суретшілер және видеоинженерлер жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев  1912 жылы Алматы қаласында өмірге келіп, 1993 жылы 22 тамызда өмірден озды. Д.Қонаев аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы атанған қазақты ұлы перезенті. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар