Көкшетаудағы мектептердің бірінің маңында жүрген ер азамат жұртты шошытқан. "Оның қолында пышағы бар. Қолы қан" дейді куәгерлер.
Ол, білім ұясына кірмек болып, турникеттен асып түскен. Мұнан соң, жабық есіктерді әбден тартқылаған, әйнектерін шаққан. Есік тұтқасын, алдына дейін қан-жоса етіп, әбден ластап кеткен.
Мектеп күзетшісі, жедел түрде полиция қызметкерлерін шақырған.
Күдікті ұсталды. Ол, есірткі қолданған болып шықты.
Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.