Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қолғап пен канистр кімге тиесілі: Шерзаттың үйін өртке орағандар туралы тың ақпарат шықты

13:52, 15 қазан 2024 866

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғарда болған қанды оқиғаға қатысты тың ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол Шерзат Болаттың отбасының үйінен шыққан өртке қатысты жаңа ақпаратпен таныстырды.

"Оның отбасы тұрған үйдегі өрттің себебін белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерде маңызды дәлелдер жиналып, алты жүзден аса адам сұралды. Оқиға қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және сыртқы от көзін қолданылғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды. Оқиға орнынан табылған канистр мен резеңке қолғаптарға зерттеулер жүргізіліп жатыр. Шығын көлемі анықталып жатыр", - деді Берік Адамов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар