Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қызбен көңіл қосқысы келген": Алматыда зейнеткерлерді өртеп кеткен адам туралы тың дерек шықты

15:42, 31 шілде 2024 905

Алматыда қарияларды біреу өлтіріп, артынан үйін өртеп кеткен. Қайғылы оқиға Жетісу ауданындағы казармалық үлгідегі үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

46 жастағы азамат бір түнде ерлі-зайыпты қос зейнеткерді өлтіріп, ізін жасыру үшін жәбірленушілердің үйін өртеп жіберген.

Қасақана қылмысқа барған күдікті бұл отбасымен бұрыннан араласатыны белгілі болды. Қанды қылмыс жұмадан сенбіге қараған түні орын алған. Ер адам 4 кісі тұратын үйге келіп, 71 жастағы ақсақалды кеудеден пышақпен ұрып жер жастандырған.

"Бұл қылмысқа біраз дайындалғанына көз жеткізіп отырмыз. Өйткені ол жәбірленушілердің үйіне өз көлігімен келмей, бірталай көше жетпей тастап кеткен. Жаяу келіп, содан қылмыстық әрекетін жүзеге асырғаннан кейін жаяу көлігіне жеткен", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал көршілерінің айтуынша, ол күдікті өрт өшіп, мәйіттер табылған соң оқиға орнына қайта келген. Ештеңеден хабары жоқ, тек көмек беруге келген адамның кейпін танытты дейді.
Бірақ полицейлер оның қылмысқа қатысы барын әшкерелеген сәтте бірден ұстап, 46 жастағы азаматты уақытша ұстау қапасына қамаған.

Болжам бойынша, оқиғаға зейнеткерлердің қызы мен күдікті арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін. Көршілердің айтуынша, ер адам сол бикешпен көңіл қосқысы келген, бірақ оған қыздың әкесі үзілді-кесілді қарсы болған көрінеді. Бүгінде бұл сұмдық жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар