Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қиындық көрдім, жыладым дейді. Ене мен келіннің арасына от салады”: Гүлзира Айдарбекова шындықты айтты (ВИДЕО)

20:50, 07 желтоқсан 2025

Продюсер Гүлзира Айдарбекова қоғамда ер-азаматтардың қадірі төмендеп кеткенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Күйеуімнен қиындық көрдім. Ұрды, соқты, ештеңе тапқан жоқ. Содан ажырасып кеттім. Ажырасқан кезде қиналдым, бір жыл жыладым. Содан кейін жұмысты бастадым. Мінекей, көтерілдім. Қазір менде вилла, джип бар деп жұрттың бәріне сабағын сатады. Сол кезде жастардың миы айналады. Олар қайбір ақыл айтатын адамдар дейсің? Ене мен келіннің арасына от салады.

Біздің қазақта бұрыннан келе жатқан, аналарымыз үйреткен дәстүр бар. Әйел ер адамнан бір саты төмен тұруы керек. Ата-енені сыйлауы керек. Жолдасын, азаматын сыйлауы керек. Шының айтқанда, қазір азаматтың қадірі жоқ заман болып кетті. Бәрін әйел басқаратын, әйелдің айтқанымен жүретін уақыт болды. Ал ертең елін, жерін қорғайтын кім болады? Мысалы, әйел бола ма? Барлығы Томирис сияқты бола алмайды. Адам әрқайсысы өз орнын білуі керек.

Сен қыз кезінде еркелік жасадың, енді ана болған кезде бір үйдің түтінін түтетіп, сол үйге егелік жасап, ұрпағыңды өсіремін деп келесің. Неге қартайған ата-анаңды тастап кетуің керек? Мүмкін сен жалғыз балаң болып тұрмысқа шықтың, өз өміріңді сүргім келеді деп. Оның да уақыты болады», — деді Гүлзира Айдарбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар