Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырда жиі болып жататын жөнсіз зорлық-зомбылықтар ойға келгенде, бұрынғы заманнан қалған осы күнде қырдағы сондай бола береді - ренжітуді табуға закон шыққан

00:01, 08 маусым 2024 384

Қарқаралы оязынан біздің газеттің 39-шы нөміріне Юсуф мырза рас жазыпты: қазақтар өздерінің жақсы жерлеріменен пайдалануды білмейді деп. Қазақтардың солайша білмейтіні егін шаруасына, жұмысқа зейін қоймағандығынан. Юсуф мырзаның осы сөздері анық рас, мен де солай ойлаймын және бір сөз: менің ойлауымша, қазақтардың көбісі жерлерін бөтен кісіге пайдаланып қызығын көруге беруге қорқады ғой деп ойлаймын. Бұлар басынып бермей кете ме деп. Сөйтіп бұлар басып иеленіп кеткендер де болып еді.

Мысалы, (18) 80-ші жылдарда Қарқаралы оязының оңтүстік пен батыс тараптарындағы, яғни бір (кейбір) елдердің жақсы жерлерін ноғайлар солайша иемденіп кетіп еді. Көп жерге ие болып алды. Сол ноғайлар әуелі азырақ жерге ие болып... бағзы қазақ көршінің көп жерлерімен қосып ала-ала қазақтарды өзінің мейілінше састырып еді. Һәм бағзы бір алыстағы елдердің жайлауларына да қол салып еді. Қазақтардың ешбір жазығы болмаса да осы мекендегі қазақтардың сондай пайдалануға бергенінен даулары болса керек. Мысалы, бір ауқатты кісі біреудің жерін сұрап алады белгілі баға беріп, пайдалануға пішен шауып қасынан о қылып бұ қылып, жерді пайдаланып екі-үш жыл отырған соң бойы үйреніп иа қулардың үйретуіменен иесіне хақысын төлемей дау шығарады және міне жаман жері: қашан да болса бай жеңіп шығады. Бағзы уақыттағыдай кедейлер жерінен де айырылып қалады.

Сондай даулар әсіресе Едірей елінде көп һәм өзге елдерде аз емес - қырда сондай даулар болып жүретіні мейілінше мәлім. Егін жайы турада сондай таластар болып қала береді. Біздің қырға бір жөні жоқ ғадат неше заманғы рәсімдер жүреді. Біреуді күшті кісі я күшті тұқым деп адал-арам болса да жалпылдатып жүреді. Біздің заманның законымыз, ұлығымыз жоқтай жабайылықпенен қаңғырып жүргендей күшті тұқымдар нашар тұқымдарды ренжітеді. Мысалы Қ. оязының Т. елінің 3-ші ауылының қазақтары 1888-ші жылда әпрелде өздеріне жақын біраз тұқымның егін жайын тартып аламыз деп әуре болды.

Айтылмыш аз тұқымдар егін салып, тиірмен орнатып, шаруаға жедел адамдар еді. Егер айтылмыш надандар күшті тоқымдар сол егін жайды "сатып алдық!" деп дау қылса не болар еді?! - Көңілге мейілінше тиеді һәм ұятқа қалады. Қырда жиі болып жататын жөнсіз зорлық-зомбылықтар ойға келгенде, бұрынғы заманнан қалған осы күнде қырдағы сондай бола береді - ренжітуді табуға закон шыққан. Мұнда да сол законды орнына келтіруге ... қызметтегі қазақтар неше жылдай болыс, ыстаршын, би болғандар өздерінің қандай .. жұмысы бар қалайша хүкім қылатындарынан һеш нәрсе білмейді. Сондай болыс, ыстаршын менен билер бағзы уақытта қайран қалып аң-таң болып қалады. Ұлықтың жазып түсірген үкімін перуадтап ұқтырғанда да бұларға қандай (Сүлеймен) аулие болса да һеш нәрсе қылмас!

Редакциядан: Өткен 1888-інші жылы қазақ газетінің 47-нші нөмірінде жазылып еді: біздің жақтан бір жұмыс деп қызметтегі адамдарға орыс тілін білудің кіретіндігі турада сол сөзді дұрысқа шығаратын сөз "Переводчикъ" деген ноғай газетінің 34-інші нөміріне жазылды "Орыс тілінің қандай екендігі" деп, сонысы мынау: тілі бар сөйлейтін кісі мылқаулардан қанша артық болса, 2-3 тіл білетін кісі бар тіл білетіннен сонша артық. Һәр адамға бәрінен де законда жазылған мемлекет тілін білу пайдалы - мекемелерде сөйлейтін орыс тілін.

Әлихан НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ

"Дала уалаятының газеті", №43, 27.10.1889 жыл. Омбы.

Дереккөз: Бөкейхан Ә. Шығармалары. I том.- Астана, 2018

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар