Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Айыппұлмен айылын жия ма?" - Feminita бастамасының негізін қалаушыға айыппұл салынды

19:00, 21 ақпан 2025 382

Алматының әкімшілік соты Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваға 393 мың теңге айыппұл салды, деп жазады Alash.KZ.

Сот Секербаеваға "Тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік ету" бабы бойынша айып таққан. Бұл туралы белсендінің онлайн-сот отырысына қатысқан.

Секербаева өзіне тағылған айыпқа келіспейді. Белсендінің сөзінше, ол еш жерде қандай да бір қоғамдық бірлестік басшысы деп көрсетілмеген.

Бұған дейін әкімшілік сот Feminita-ның негізін қалаушылардың бірі Гүлзада Сержанды "тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік етті" деп айыптап, 393 мың теңге айыппұл салған болатын. 

13-14 ақпанда Алматыдағы Feminita бастамасының іс-шарасына бірнеше адам кедергі келтіріп, шараны тоқтатпақ болған. Белсенділердің айтуынша, Feminita онда адам құқығы бойынша тренинг өткізген. Feminita өкілдері шараға кедергі келтірген топтың үстінен арыз жазған.

"Қазақстандық ата-аналар одағы" бірлестігінің бұрынғы төрайымы Бағила Балтабаева мен оның жақтастары биліктен Feminita-ның жұмысына тыйым салуды, оның белсенділерін "экстремист" деп тануды талап етті деп жазды Азаттық. 

🔵Feminita өзін әйелдердің, жыныстық азшылық өкілдерінің құқығын қорғайтын ұйым деп таныстырады. Олар әділет министрлігіне бірнеше мәрте құжат тапсырып, тіркеле алмағанын айтқан.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар