Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Тұрғын үй өртке оранып, ішінен тірідей жанып кеткен мәйіт табылды

17:27, 22 ақпан 2025 543

Бурабай ауданының Бурабай кентінде жеке тұрғын үй отқа оранды. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, өртті сөндіре бастаған кезде, үйдің бір бөлмесінен 63 жастағы ер адамның жансыз денесін тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жалын ғимаратқа тез таралып, 25 шаршы метр аумақты шарпыған.

“Өрт туралы хабар шұғыл қызметтерге түскеннен кейін 25 минут ішінде жалын оқшауланып, көп ұзамай толықтай сөндірілді. Алайда үй ішінде болған адамды құтқару мүмкін болмады”, – деп мәлімдеді ТЖД.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт зертханасының мамандары жұмыс істеп, өрттің шығу себебін анықтауда. Тергеушілер электр сымдарының ақаулығы мен отқа немқұрайлы қарау нұсқаларын қарастыруда.

Қайғылы оқиғаның толық мән-жайы әлі нақтыланып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар