Марқұм Дулат Исабековты шығарып салу садақасы ертең өтеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Марқұммен қоштасу және жерлеу рәсімі 23 ақпан күні өтеді. Бұл туралы Қасымхан Бегманов хабарлады.
"Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков ағамызбен қоштасу рәсімі қасиетті қара шаңырақ - Қазақстан Жазушылар одағында, ертең, 23 ақпанда сағат: 10:00-де өтеді. Асы сағат: 13:00-де, Қабылдау үйінде (Құрманғазы-44) беріледі. Қазір ұлы жазушыны жоғары деңгейде шығарып салу үшін ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. ҚР Президентіне, Ерлан Каринге, қалабасына, басқа да барлық азаматтарға алғысымызды айтамыз. Жазушының отбасына дүние жүзінен көңіл айту телеграммалары келіп жатыр", - деп жазды ол.