Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өсетіні хабарланды

13:53, 22 ақпан 2025 1178

Қазақстанда зейнетақы, бюджет қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегінің мөлшері өседі, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы. 

Бұл туралы Сенаттың Taldau Talks подкасында премьер-министрдің орынбасары мәлімдеді.

Massaget.kz порталының хабарлауынша, подкастың бұл шығарылымы салық реформасына, ҚҚС өсіміне, оның бюджет пен инфляцияға әсеріне арналған.

"Заң бойынша инфляция деңгейіне сай зейнетақыны, бюджет қызметкерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын және т.б. өтеуіміз керек. Біз мұны қолға аламыз. 20 пайыз мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болды. 16 пайыздық мөлшерлемемен 500-550 миллиард болады. Атаулы әлеуметтік көмекті көбейтеміз. Қазір ол 200 мың адамға шаққанда 40-45 миллиард. Сонда не қалады? Тұрғын үй көмегі қалады. Әрине, тарифтер өсуіне байланысты оны да көбейтіп, өтейміз", - деді Жұманғарин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар