Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Марина Венинг қазақ тілінде білім беріп, оқушы ықыласына бөленіп жүр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Жүрегі қазақ деп соққан мұғалім, қазақ тілінде дәріс беретін ұстазбен Kazinform тілшісі сұхбат құрған:
Неміс ұлтының қызы болсам да, жүрегім қашанда «қазақ» деп соғатын жанның бірімін... Туып-өскен жерім киелі Шал ақын ауданы, Жаңасу ауылы. Балалық шағым түрлі этнос өкілдері тұратын ауылда қызыққа толы өтті. Орта мектепті үздік аяқтап, жүрек қалауыммен таңдаған мамандығыма қол жеткіздім. Бүгінгі таңда Шал ақын ауданының Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып ұстазымын. Қазақ сыныбына сабақ беремін, - деді ұстаз.