Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

200 мыңнан жоғары: Зейнетақы мөлшері тағы да өседі

08:44, 06 маусым 2024 10335

Қазақстанда зейнетақы төлемдері қалай өседі? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін 54-тен ұлғайту жоспарлануда. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғарысы - 100-ден 120 пайызға дейін өседі.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 %-ын немесе 28 215 теңгені, ал ең жоғарғысы - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 %-ын немесе 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 45 578 теңгені құрады. Ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (2024 жылы 203 060 теңге)

Ұсынылып отырған шаралар зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлесін ұлғайтуға және оның мөлшерін 2025 жылға қарай орта есеппен 27 %-ға арттыруға мүмкіндік береді. » деп хабарлады департамент.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар