Алаш арыстары туралы деректі фильмдер түсіріп жүрген журналист Әлия Әшім мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев туралы айтып, оқырмандардың сынына ұшырады, деп жазады Alash.KZ.
Әлия Әшім екінші бір журналиске берген сұхбатында Қонаев туралы сұраққа:
"Мен үшін Қонаев әппақ адам емес. Мен үшін Қонаев - коммунист" дейді.
Одан ары сұхбат барысында журналист Қонаевтың Кеңес Одағының адамы болғанын және кейбір шешімдерімен келіспейтінін айтты.
«Дегенмен, республиканың мүддесі үшін жұмыс істеген адам. Бірақ мен келіспейтін кейбір шешімдері бар. Бірақ көп оң шешімдері бар», — дейді Әлия Әшім.
Журналистің сөзіне көпшілік қарсы шығып, оны аямай сынап тастаған.
«Сен оған баға беретін кімсің? Сол кезде коммунист болмай енді кім болатын еді?», — деп жазды олар.