Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҚазҰУ жатақханасында тышқан мен тарақан өріп жүр

15:07, 11 қазан 2024 402

Желіде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі №17 жатақхананың іші тозып кеткен деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Желідегі жазбаға сәйкес, жатақхана еденінде тышқан мен таракан өріп жүреді. 

Ал екі адамға арналған бөлмеде 3-4 студент тұрып жатыр дейді. Тіпті жоғары курс студенттері билігін асыра пайдаланып, өзінен кіші курс студенттеріне әлімжеттік көрсетеді екен. Ал университет басшылығы бұл мәселелерге мән бермей отыр дейді.

Аталған жағдайға қатысты университет басшылығына сұрау салдық. Алайда әзірге жауап ала алмадық, деп жазды stankznews телеграм арнасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?