Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

06:36, 23 наурыз 2023 257

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры


Құрманбек Қасымқан ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану институтының  1курс докторанты


                                                     

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің 27 мыңнан асатам шәкірті бар, 180 сала бойынша мамандар дайындайтын,  екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар . Сондай-ақ ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану институты тәрізді 19 ғылыми-зерттеу институттарымен меморандумдық орнатып ғылымның әр саласы бойынша елеулі үлестер қосуда.


ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтану және исламтану мамандығында оқитын докторанттары өздерінің педагогикалық практикаларын аталмыш университеттің философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында өтеді. Әр докторантқа кафедраның профессорлары мен оқытушыларынан жетекшілік тағайындалып, практика аясында докторанттар бакалаврларға және магистранттарға дәріс оқуға, семинар сабақтарын жүргізуге мүмкіндік алады.


Білім ордасындағы білікті ұстаздың,алғыр шәкірттерді, білімді маман етіп тәрбиелеп шығу жолындағы методикасы студенттерге ғылымға деген құрмет пен білімге деген құштарлық сезім сыйлап, әртүрлі мамандықтар бойынша кәсіби шеберлігін шыңдауда.


Докторанттар өз тәлімгерлерінің сабағына қатысып және өз бетінше сабақ өткізу барысында жинаған тәжірибесінің нәтижесін  ашық сабақтар өткізу арқылы көрсетеді. Ашық сабақ бұл үлкен жауапкерілік болумен қатар үлкен бір мекелік іс-шара сияқты өтеді. Сабаққа бүкіл университет кафедраларының білім беру әдіснамасын  қадағалаушы педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының және жалпы және қолданбалы психология кафедрасының әдіскерлері қатысады, студенттер мен магистранттар да өз білімдерін жан-жақты көрсетуге тырысып, докторантқа ерекше қолдау көрсетеді. 16 наурыз күні 1 курс дінтану мамандығының магистранттарында өткен  «Діни мәтіндерді түсіну және түсіндіру мәселелері» пәнінен өткен ашық сабақ дәрісі де осыған мысал болады. Магистранттар дінді ғылыми тұрғыдан зерттеудің әдістері мен жобаларынабейімделген, дәстүрлі руханиқұндылықтарды сараптай отырып, жалпы діни-ғылыми терең мағлұмат алуға деген орасан зор талпыныстарын көрсетті. Болашақ дінтанушылар ислам діннің қасиетті кітабы  Құран-кәрімді ғылыми тұрғыдан түсіну барысында адамзатқа ортақ рухани құндылық екенін және оны түсіну мен түсіндіру жалпы болашақ үшін маңызы өзекті мәселе екенін талқыға салды. Бұл университет ішіндегі бір күндегі бір сағаттық өмір. Осындай  күндер мен сәттер қаншама болды және бола да бермек!


ҚазҰУ-дың студенттеріне Республика шеңберінде ғана емес, шетелде тағылымдамадан өтуіне, білім алуына жол кеңінен ашық, сондай-ақ, шетелдік университеттердің студенттерінің бізде білім алуларына барлық жағдай жасалуда. Қасиетті қара шаңырақтан жыл сайын 200 мыңға жуық түлек ұясынан ұшады екен. Олардың барлығы қажетті мамандыққа қолдарын жеткізген, өздері жұмыс орындарын құра алатын, Қазақстан қоғамының әлеуметтік –экономикалық дамуына үлес қосатын азаматтардың бірегейі болатындығына сеніммен қараймыз.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар