Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазселденқорғау» мекемесі Алматыдағы лай көшкінінің басты себебін атады

10:49, 08 ақпан 2024 297
Мекеме мамандары Алматыдағы көшкіннің басты себебін анықтады. Белгілі болғандай баурайда құбыр жарылған. Сондай-ақ лай көшкінінің болжамды көлемі шамамен 3200 м³ екені анықталды. 
8 ақпанда сағат 02:20-да тау баурайының орта бөлігіне тартылған су құбырының үзілуі салдарынан топырақ ылғалданған. Кейін Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Олимпийская көшесінде орналасқан "Тау-Самалы" ықшамауданындағы №3А және №3 жеке тұрғын үйлерлін лай көшкіні басты,- дейді Қазселденқорғау" ММ баспасөз қызметі.

Алматыдағы Медеу ауданының әкімі тау Самалы шағын ауданында лай көшкінінің орын алуына қатысты инженерлік желілердің жағдайына түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазір Тау-Самал шағын ауданындағы жеке сектордың коммуникацияға қосылуы ретсіз және соның салдарынан қауіпті.
Қазір Тау-Самалы шағын ауданында жеке сектордың коммуникацияларға қосылуы ретсіз әрі қауіпті. Жеке сектордағы көптеген тарату желілері стандарттарға сәйкес келмейді. Жақын арада бұл мәселені шешу үшін біз өткен жылдан бастап тарату желілерін салу бойынша жобаны әзірлеуге кіріскен болатынбыз. Біз "Балқаш" су көзін көрсеттік, жаңа скважиналар - бұл бірінші кезең. Екінші кезең-тарату желілерін жүргізу және су құбырымен қатар кәріз желілерін салу, өйткені таулы жерлерде септиктерді пайдаланатын жеке үйлер қауіпсіз емес, - деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар