Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазавтожол» АҚ қызметкері міндетін атқару кезінде қаза тапты

09:28, 13 ақпан 2024 298
Жол-көлік оқиғасының салдарынан тікелей қызметтік міндетін орындау кезінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сыдықов Сақтапберген Бақытжанұлы қаза тапты. Қайғылы жағдай туралы ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды.

Қайғылы оқиға кеше сағат 14:00 шамасында «Самара-Шымкент» автожолының 1 285-шақырымында, Арал ауданының Сазды ауылы маңында қозғалыс қайта жанданған уақытта болған. Қатты жылдамдықпен жүрген Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан. Сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған. Салдарынан ол сол жерде көз жұмды.
«Марқұм компанияда Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып 6 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Ол өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде танытты. Сақтапберген Сыдықовтың артында 4 баласы мен жары қалды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Қаза тапқан қызметкердің артында қалған отбасына компания тарапынан барлық қажетті қаржылық қолдау көрсетіледі.

Фото: «Қазавтожол» АҚ
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар