Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақтелекомға бар күш жігерімді саламын -Бағдат Мусин

11 маусым 2024 237

Бағдат Мусин жаңа тағайындалған қызметіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол жаңа қызметіне білең сыбана кірісетінін тілге тиек етті.

«Бүгін «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. «Қазақтелеком» АҚ – негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз», - деп жазды ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?