Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден өтті

18 маусым 2024 2066

Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол 1938 жылы 15 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітірген. Сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

"Торғын Тасыбекова өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті театрына адал қызмет етіп, асыл өнердің тамаша үлгісін көрсетті. Актрисаның керемет дауысы, тамаша бейнесі және шынайы кейіпкерлері халық жадында мәңгі сақталады", - делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?