Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанға келіп "ойран салмақ" болған шетелдік елден шығарылады

09:38, 27 шілде 2024 840

Елге келіп ойран салмақ болған шетел азаматына қатысты сот қарары шықты. Қаулыға сәйкес, шетелдік азамат әдепсіз мінез-құлқы үшін қамаққа алынып, кейін елден шығарылады,деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық орында әдепсіз мінез-құлық көрсеткені (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) және шетелдiктiң ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі) құқық бұзушы К.-ға қатысты 2 істі қарады.

Істің мән-жайы бойынша К. қоғамдық орында болған кезінде бұрын таныс емес әйелге әдепсіз мінез-құлық көрсеткен. Сонымен қатар, құқық бұзушы құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген. Құқық бұзушы өз әрекеттерімен қоғамға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды. 

Жасалған құқық бұзушылықтардың мән-жайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалармен, полиция қызметкерінің баянатымен және бейнежазбалармен расталды.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі және 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Құқық бұзушы К.:

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды; 

ӘҚБтК-нің 517-бабының 1-бөлігі бойынша ҚР шегінен шығарылды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар