Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандықтардың несиесі кешіріле ме? -Агенттік жауап берді

11:29, 11 қаңтар 2026

Ақпарат кеңістігінде қазақстандықтардың несиесі кешіріледі деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеп, азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.


“Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген”,- делінген ресми хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар