Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Насанов Нұржан Нишанұлы 1975 жылғы 23 қазанда дүниеге келген. 2016 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. 2024 жылы тамыз айынан Ұлттық құраманың жаттықтырушысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, Насанов Нұржан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай және тағы басқа боксшыларды тәрбиелеген.