Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаңа қызметке тағайындалды

09:00, 11 қаңтар 2026

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"2024 жылдың соңында құрылған U22 құрамасының жобасы өз жұмысын тоқтатады, алайда аталмыш команда боксшылары ұлттық құрама сапына қосылады.

Бақыт Сәрсекбаев бұдан былай жастар құрамасының тізгінін ұстайды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.

Сәрсекбаев Бақыт Абдрахманұлы 29.11.1981 жылы дүниеге келген.

Олимпиада чемпионы (Бейжің-2008), Азия Ойындарының жеңімпазы (Доха 2006), үш дүркін Азия чемпионы.

2024 жылы желтоқсан айынан U22 командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды", - делінген Қазақстан бокс федерациясы таратқан.   хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар