Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзбекстанға өтіп кетті, жоспарланған нәрсе": Журналист Атыраудағы оқиға жайлы сұмдық деректі айтты

12:52, 11 қаңтар 2026

Журналист Руслан Өтепбай Атырау облысында жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кеткен отбасы туралы тың деректі айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

"Атырау облысында бүтін бір отбасы із-түзсіз жоғалып кетті. Ауылдастарының айтуынша, ең алғаш жоғалған – үйдің ұлы Наурыз. Ол шамамен бес-алты ай бұрын Ақтауға жұмыс іздеп кеткен. Алайда сол кеткеннен бері Наурыздан ешқандай хат-хабар жоқ. Ал қазан айында, көршілерінің сөзіне сенсек, отбасы басшысы Максот Қарабалин дәрігерге баратынын айтып, жұбайы мен қызын өзімен бірге алып кеткен. Бұл жағдай туыстарын қатты алаңдатқан. Себебі қызы Мирамгүл үшінші топтағы мүгедек екені белгілі. Осыдан кейін отбасының бірде-бір мүшесі ауылда қайта көрінбеген. Күмән тудыратын тағы бір жайт- үйдегі барлық мал WhatsApp арқылы, ұлдарының атынан сатылған. Ақша Kaspi шотына аударылғаны айтылады. Бірақ осы операциялардан кейін де отбасы мүшелері мүлде байланысқа шықпаған. Ал Мақсоттың туған ағасының баласы редакциямызға мынадай аудиожазба жолдады", – деді Руслан Өтепбай.

Журналисттің хабарлауынша, марқұм Мақсот Қарабалиннің туған ағасының баласы редакцияға аудиожазба жолдап:

"Өзбекстанға қарай өтіп кеткен сияқты. Жалпы жоспарланған нәрсе ғой", – деп айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар