Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандықтарды соғысқа үгіттеуде: Аида Балаева “Sputnik” сайтындағы сұмдық ақпараттарға ескерту жасады

14:20, 23 сәуір 2025 625

Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева Sputnik.kz агенттігінің қазақстандық бөлімшесіне қатысты тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ NewTimes.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2024 жылдың 22 мамырында «Sputnik Қазақстан» ақпарат агенттігі Қазақстаннан шыққан, Ресей жағында Украинада соғысуға өз еркімен кеткен адам туралы материал жариялады.

Бұл оқиға «арнайы әскери операция» аясында ерлік үлгісі ретінде берілді.

Алайда Қазақстан заңнамасына сәйкес, шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу – қылмыстық әрекет болып саналады.

Журналист әрі құқық қорғаушы Лұқпан Ахмедьяров Facebook парақшасында бұл жарияланымды қатаң сынға алды:

«Бұл медиа ашық түрде соғысқа үгіттеп отыр. Қазақстаннан шыққан жалдамалыны қаһарман етіп көрсетуде. Бұл – еліміздің Қылмыстық кодексінде қылмыс деп көрсетілген әрекет: жалдамалылық, шетелдегі қақтығыстарға қатысу, соғысты насихаттау. Неліктен ешкім әрекет етпейді?» – деп жазды ол, «Sputnik Қазақстан» заң бұзса да шектеусіз жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Осы жағдайға байланысты үкіметте журналистер мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаевадан министрлік мұндай жағдайларға қалай әрекет ететінін сұрады.

«Заң тұрғысынан бұл мәселені жан-жақты қарастырамын. Мұндай жағдайлар орын алмауы керек. Сондықтан біз Sputnik агенттігіне ескерту жібереміз. Sputnik – шетелдік БАҚ екенін еске саламын. Бұл мәселені құқық саласының мамандарымен талқылаймыз. Содан кейін министрлік заң шеңберінде қажетті шаралар қабылдайды», – деді министр.

Сонымен қатар, министр Sputnik.kz сайтына ескерту жолданатынын айтты.

«Sputnik Қазақстан» басылымы Ресейлік Sputnik медиахолдингінің еншілес құрылымы болып табылады. Аталған медиахолдингтің бас редакторы – Маргарита Симоньян.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар