Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық таэквондошы Париждегі Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды 

15:00, 11 қазан 2026

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан таеквондодан Гран-при сериясы турнирінде Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды Alash.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, әйелдер арасында -57 кг салмақта сынға түскен отандасымыз Мария Севостьянова 3-орын алды. Ол алғашқы жекпе-жегінде тайпэйлік Вей Чун Линді 2:0 есебімен жеңіп, одан кейін мажар спортшысы Лука Патакфалвиден де 2 кезеңде басым түсті.  

Жартылай финал үшін болған жекпе-жекте Севостьянова өзбек спортшысы Мадина Марабзалoваны 2:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда былтырғы әлем чемпионы Мария Клара Пачекодан (Бразилия) жеңіліп қалды. Есеп: 0-2. 

Енді осы маусымдағы Гран-придің финалы келесі айда Астана қаласында өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар