Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық инвестор Қырғызстанға 70 миллион доллар инвестиция салуға дайын

07:12, 05 ақпан 2024 270
ҚР Сыртқы істер министрлігі 2023 жылы Қазақстан Қырғызстан экономикасына 55 миллион доллар көлемінде қаржы құйғанын мәлімдеді.

Бүгінде Қазақстанның Қырғызстанға салған инвестициясының жалпы көлемі 1,3 миллиард доллардан асқан.
«Қазақстан Қырғызстанның үшінші сауда серіктесі болып табылады. Мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша біз екіжақты тауар айналымын 2 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қырғызстан Қазақстанның ТМД және ЕАЭО аясындағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Біз жақсы перспективаларды көріп отырмыз, біз Қырғызстанға азық-түлік, өнеркәсіп, мұнай-химия, құрылыс, фармацевтика салаларындағы 200 тауарлық позиция бойынша экспортты тағы 260 миллион долларға арттыруға дайынбыз», - деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу. 

Оның айтуынша, биыл Қазақстанның негізгі инвесторларының бірі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға 70 миллион доллар инвестициялауға дайын. Алайда бұл инвестор туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бішкекке сапары барысында аймақтық мәселелер талқыланғанын және олар бойынша тараптардың ұстанымдары сәйкес келгенін қосты.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрліктері арасында 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Фото: Shutterstock
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар