Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде екі рет үздік бестікке енді

09:38, 12 мамыр 2026

Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті, деп жазады Alash.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, ат снарядындағы жаттығуда Роман Хегай 13,600 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ал Зейнолла Идрисов 13,133 ұпаймен алтыншы нәтиже көрсетті.

Нуртан Идрисов сақиналардағы жаттығудың финалында 13,166 ұпай алып, бесінші орынды иеленді.

Қол тіреп секіру жаттығуының финалына шыққан Асан Сәлімов жарысты алтыншы орынмен аяқтады (13,583). Ал кермедегі жаттығуда Роман Хегай 11,233 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар