Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық гимнастар Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

09:33, 12 сәуір 2026

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда үздік үштікке енді, деп жазады Alash.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы Осиекте (Хорватия) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі медальға ие болды.

Отандастарымыз екі жүлдені де ат снарядындағы жаттығуда жеңіп алды.

Күміс жүлдені Зейнолла Ыдырысов иеленді. Ол финалда 14,600 ұпай жинады. Ал Нариман Курбанов 14,000 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Армениялық Гамлет Манукян 14,733 ұпай жинап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Милад Карими де финалға жолдама алды. Ол кермедегі жаттығуда медаль үшін сынға түседі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар