Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда тағы тоғыз құрметті атақ берілетін болады

17:27, 15 қараша 2024 477

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізімін арттыруды тапсырды. Енді  Қазақстанда жаңа тоғыз құрметті атақ пайда болады, - деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

 Massaget.kz порталының хабарлауынша, мемлекет басшысы Жолдауында жұмысшы мамандық иелеріне, өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақ беруді ұсынғанын еске салды.

"Мемлекеттік марапаттар жүйесін тоғыз құрметті атақпен толықтыру жоспарланып отыр. Соның ішінде "Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері" атағы бар. Бұл – елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне шынайы құрметтің белгісі", - деді ол.

Оның сөзінше, қазір депутаттар тиісті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

"Келесі жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы. Жыл бойы біз нағыз еңбек адамдарын жоғары деңгейде ұлықтайтын боламыз. Бұл қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу жылы болмақ", - деді Тоқаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар