Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда шетелдік банктер көбеюі мүмкін

14:24, 29 наурыз 2024 318

Қазақстанда шетелдік банктер көбеюі мүмкін.Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов Сенат қабырғасында мәлімдеді.

Qazaqstan.tv мәліметінше, қазір Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия елдерінің қаржы ұйымдарымен келіссөз жүріп жатыр. Агенттік инвесторлар үшін Қазақстан нарығына кіру талаптарын барынша жеңілдетпек. Шетелдік банктердің көбеюінен салада бәсекелестік артып, базалық мөлшерлеме төмендейді деген болжам бар.

Қазақстандық нарыққа кіруге қызығушылық танытып жатқандар бар. Мұны іске асыру үшін банк секторындағы кейбір кедергіні алып тастап, заңға бірқатар өзгеріс енгізу керек. Олар Қазақстан бекіткен базалық ставка бойынша жұмыс істейді. Себебі, несие теңгемен беріледі. Жалпы отандық бизнесті қаржыландыру үшін қосымша қаржы көзі артық етпейді,дейді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар