Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстанда кездесуге дайынбыз": Зеленский мен Путин келіссөзі туралы тың дерек шықты

16:01, 24 қыркүйек 2025 430

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуді Қазақстанда өткізуге дайын екенін айтты. Бұл туралы ол Fox News арнасына берген сұхбатында хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Зеленскийдің айтуынша, батыс елдерінің бірқатар көшбасшылары, соның ішінде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Түркия билігі екіжақты кездесудің өткізілуін бірнеше елде ұсынған.

"Біз Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар және Еуропаның бейтарап елдерінде – Аустрия немесе Швейцарияда кездесу жасауға ұсыныс жасадық. Тіпті қажет болса, Қазақстанда да өткізуге дайынбыз дедік. Бар болғаны осы", – деді Украина президенті.

Жүргізуші сұхбаты барысында нақтылап сұрағанда, Зеленский Путинмен бетпе-бет кездесуге дайын екенін тағы растады.

Бір апта бұрын ол алдын ала ешқандай шарт қоймастан екіжақты немесе үшжақты форматта (оның ішінде Дональд Трамппен бірге) кездесуге әзір екенін, бірақ келіссөздің Мәскеуде өтпейтінін атап өткен.

Еске салайық, бұған дейін Путин егер Зеленский шынымен кездесу өткізгісі келсе, Мәскеуге келуін ұсынған болатын. Алайда Украина басшысы бұл нұсқаны қабылдамай, керісінше Путинді Киевке шақырған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар