Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда жұмыс орнында 202 адам қаза тапты

10:00, 27 қаңтар 2025 473

Қазақстанда бір жылда 200-ден астам адам жұмыс орнында қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz CMN.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

2024 жылы өндірістік жазатайым оқиғалар салдарынан 1408 жұмысшы зардап шекті, оның 202-сі қайтыс болды.

Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің мәліметінше, 2024 жылы 202 адам жұмыс орнында қаза тапты. Сонымен қатар, өндірістік жарақат алу деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға төмендеген.

Елдегі өндірістік аймақтарда жұмысшылардың жарақат алу жағдайлары жиі тіркелген.

Қарағанды облысында 159 адам, Шығыс Қазақстанда – 124, Павлодарда – 112, Абай облысында – 101, Қостанайда – 91, сондай-ақ Алматы қаласында 116 адам зардап шеккен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар