Президент жанындағы Дезинформацияға қарсы күрес орталығы интернетте жалған мәлімет таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын еске салды. ІІМ мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы кезеңде жалған ақпарат тарату фактілері бойынша 20 қылмыстық іс тіркелді, деп жазады Alash.KZ.
Құқықтық баға бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға, әлеуметтік желілердегі жазбаларға, сондай-ақ пікірлер мен бейнероликтерді қоса алғанда, пайдаланушылар жариялаған контентке беріледі.
Жауапкершілік аккаунттың танымалдылығына қарамастан қолданылады. Сондай-ақ адамдарды жаңылыстыратын контентті жасанды интеллект технологиялары арқылы дайындаған жағдайда да заң алдында жауап беру көзделген.